Халықаралық Орталық-Азиялық көрме Ауыл шаруашылығы
3-5 қараша 2021
Алматы, Қазақстан

Ауыл шаруашылығы саласының жаңа болмысы: AgroWorld Qazaqstan 2020 халықаралық көрмесіндегі жаңа үрдістер мен перспективалар!

2020 жылдың 4-6 қарашасы аралығында Орта Азиялық «Ауыл шаруашылығы» - AgroWorld Qazaqstan халықаралық көрмесі өзінің 15-жылдық мерейтойын атап өтеді. Көрме әдеттегідей Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО-да өтеді.

2020 жылдың оғилары әлемді жаңа шындыққа қадам басуға мәжбүрледі. Даму дұрыс шешімдерді қабылдау мен тез бейімделгіштікке тәуелді болған осы жаңа болмыста ауыл шаруашылығы саласының алдында елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа міндеттер тұр.

Өзінің табысты 15 жылдық жұмысында AgroWorld Qazaqstan көрмесі мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, одақтар, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен бизнес өкілдерінің мүдделерін басты мақсатқа: елдің тұрғындарын сапалы және қол жетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мен АӨК саласында мемлекет аралық ынтымақтастықты дұрыстауға біріктіретін Орталық Азияның кешенді диалог алаңы ретінде өзін көрсетті.

Бүгінгі күнге дейін 14 елдің компаниялары өздерінің қатысатындығын растады: Австрия, Бельгия, Германия, Дания, Иордания, Испания, Италия, Корея, Нидерланды, Польша, Ресей, Түркия және бірқатар отандық кәсіпорындар. Белсенді халықаралық қатысу Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын саланың тиімді жұмыс істеуі және фермерлік шаруашылықтардың кірістілігін арттыру үшін бүкіл әлемнен инновациялық жабдықтар мен технологиялардың кең ұсынысымен қамтамасыз етеді.

Осындай ауқымды географиясы бар ауыл шаруашылығы саласының іскер топтарының бір алаңда кездесуі әлемдегі АӨК саласындағы трендтер мен жаңа үрдістерді анықтауға септігін тигізеді және алдағы жылдарға даму бағытын айқындайды.

AgroWorld Qazaqstan экспоненттерінің стендтерінде: мал шаруашылығына, құс шаруашылығына, шошқа шаруашылығына арналған генетикалық материалдар мен жабдықтар, жемшөп пен жемшөп құрамдауыштары, бағбандыққа арналған жабдықтар, отырғызу материалдары, тұқымдар, тыңайтқыштар, заманауи суару жүйелері, көкөністер мен жемістерді өңдеуге арналған жабдықтар, ауыл шаруашылығына арналған ғимараттарды салу және жобалау, ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтау мен тасымалдауға арналған тоңазытқыштық шешімдер, жылыжайлар үшін «толық аяқталған» заманауи шешімдер ұсынылады.

Коронавирустық пандемиядан туындаған жаңа жағдайлар бизнес фокусының ауылшаруашылық өндірісін автоматтандыру мен роботтандыруға, машиналар мен техникалық қызметтерді цифрландыруға, заманауи телекоммуникациялық технологияларға ауысуын көздейі. Осыған байланысты Agri-Food Forum платформасындағы AgroWorld Qazaqstan көрме алаңы жаңа IT технологияларды пайдалануды, сонымен бірге елдің ауыл шаруашылық саласын дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. АӨК кәсіпорындарын жаңарту мен технологиялық жасақтандыру форумы - Agri-Food Forum ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен қайта өңдеудің, азық-түлік өнімдері мен сусындарды өндіру, буып-түю мен сақтаудың толық тізбегінің мүдделерін біріктіреді.

Форум шеңберінде келесілер өткізіледі:

  • АӨК қолдаудың жаңа шаралары бойынша аналитикалық сессия;
  • Өнеркәсіптік құс шаруашылығы бойынша халықаралық конференция;
  • Етті және сүтті мал шаруашылығы мәселелері бойынша фокус-сессия;
  • Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесін дамыту бойынша дөңгелек үстел;
  • «Пандемияның тұтынушылардың азық-түліктік себетіне әсері» тренд-сессиясы;
  • «ЕАЭО шеңберінде АӨК өнімдерінің өзара тиімді саудасы» дөңгелек үстелі.

Форумға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ғылыми ұйымдарының, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері, жабдықтар мен технологияларды жеткізушілер, фермерлік шаруашылықтар, Қазақстанның тамақ өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер қатысады.

Жыл сайын AgroWorld Qazaqstan Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, салалық одақтар мен қауымдастықтардың қолдауымен өтеді.
Көрмені ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдардың, ДДҰ-ның және Көрме индустриясының дүниежүзілік қауымдастығының (UFI) ұсыныстарын басшылыққа алады және көрмені өткізу кезеңінде COVID 19 таралуына жол бермеу бойынша санитарлық-гигиеналық сипаттағы барлық іс-шараларды, санитарлық өңдеуді және дезинфекциялауды қамтамасыз ететініне кепілдік береді.

Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылық көрмесіне келіңіз!

Көрмені ұйымдастырушы Қазақстандық ITECA компаниясы.