18-ші Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ НИДЕРЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЭКСКЛЮЗИВТІ ІС-ШАРА ТЕК КӨРМЕ АЛАҢЫНДА!

30 қазанда 18-ші халықаралық AgroWorld Qazaqstan 2024 көрмесі аясында «ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ НИДЕРЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» мамандандырылған семинары өтеді.

Іс-шараны Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігі «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ-мен серіктестікте ұйымдастырады.

Сізді нидерландтық компаниялардың әсерлі тәжірибесі және құс өнеркәсібіндегі танымал нарық көшбасшылары мен инновация жеткізушілерінің практикалық ұсыныстары күтеді.

Құс шаруашылығының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі салаларының бірі ретінде жыл сайын отандық құс шаруашылығы мамандарының алдына жаңа сын-қатерлер мен міндеттер қойылуда.

AgroWorld Qazaqstan 2024 «КӨРМЕНІҢ АРНАЙЫ ТАҚЫРЫБЫ» ерекше мәртебесі бар бұл іс-шара оларды шешуге және жаңа тәсілдерді, технологияларды, әдістер мен әзірлемелерді көрсетуге арналған.

Семинар сессияларында модераторлар мен спикерлер ретінде қазақстандық және нидерландтық жетекші сарапшылар сөз сөйлейді. Келушілер эксклюзивті практикалық ақпаратқа бірегей қол жеткізе алады және жеке танысуға, сарапшыларға сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға және голландиялық компаниялардың істегі озық жетістіктерін қолдануды талқылауға мүмкіндік алады!

Семинардың негізгі тақырыптары мен эксклюзивті тәжірибелері:

Семинардың басты бағыты - Қазақстанда табысты бейімделетін, қолданылатын және отандық құс шаруашылығы саласының тиімді дамуына ықпал ететін голландиялық компаниялардың ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРЫ.

  • Татьяна Алифанова, Vencomatic Group BV өңірлік менеджері бизнестің өнімділігі мен экономикалық көрсеткіштерін арттыру, құс шаруашылығы индустриясы үшін жаңа тәсілдер мен стратегиялар тұрғысынан құс шаруашылығына арналған жоғары технологиялық шешімдер тақырыбын ашады.

  • Семинарда Қазақстанның құс шаруашылығындағы болашақ мәселелеріне ерекше назар аударылады. Осылайша, PAS Reform компаниясының сарапшылары тыңдаушыларға болашақтың инкубаторларын ұсынады, Ottevanger Milling Engineers азықтандыру технологияларын және заманауи азықтардың қауіпсіздігін үйретеді, ал Marel компаниясының мамандары – ҚР-да құстарды қауіпсіз өңдеуге қатысты тиеудің, тасымалдаудың үздік тәжірибелерінен бастап, түпкілікті өнім өндірудегі халал стандарттарына дейінгі тақырыптардың тұтас блогын дайындады.

  • Nijhuis Saur Industries құс шаруашылығындағы ағынды суларды басқару тәжірибесін, ал АлемВет – құстарды вакцинациялау және дәрумендеу үшін ең қауіпсіз лицензияланған өнімдерді көрсетеді.

❗ Бағдарламада талқылау, сұрақтар мен жауаптар, семинардың қорытындысын шығару сессиясына ерекше орын беріледі.

Іс-шара модераторлары:

  • Ари Велдхаузен, Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесші, Нидерландының Орталық Азиядағы Елшілігі

  • Руслан Исмаилович Шарипов, «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ президенті, құс шаруашылығында 50 жылдан астам тәжірибесі бар саланың көрнекті кәсіпқойы, Қазақстан мен Ресейдің құрметті сыйлықтарының иегері.

Айта кетейік, AgroWorld Qazaqstan көрмесі жыл сайын ҚР-да құс шаруашылығын дамытуға басымдық беретін Қазақстандағы жалғыз іс-шара болып саналады және биылғы жылы стратегиялық сессияның серіктесі - Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігінің қазақстандық және нидерландтық кәсіпорындары арасында тәжірибе алмасуға қосқан үлесін ерекше атап өту керек.

СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!

📅 Күні: 30 қазан 2024 ж. | ⏰ Уақыты: 12:00 – 15:00

📍 Өткізілетін орны: AgroWorld Qazaqstan, Атакент, Алматы, 1 конференц-залы

Көрмеге және осы Семинарға қатысу үшін, келесі сілтеме арқылы тіркеліп, билет алу қажет: https://agroworld.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=AWK24PTICA

Әріптестеріңізді шақырыңыз және www.agroworld.kz көрме сайтында тіркелу үшін AWK24PTICA промокодымен бөлісіңіз