19-шы Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ НИДЕРЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЭКСКЛЮЗИВТІ ІС-ШАРА ТЕК КӨРМЕ АЛАҢЫНДА!

2025 жылғы 29 қазанда AgroWorld Qazaqstan 2025 19-шы халықаралық көрмесі аясында «СІЗДІҢ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ БИЗНЕСІҢІЗ ҮШІН НИДЕРЛАНДТЫҚ ШЕШІМДЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР» атты мамандандырылған семинар өтеді.

Іс-шараны Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігі «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ-мен серіктестікте ұйымдастырады.

Сізді нидерландтық компаниялардың әсерлі тәжірибесі және құс өнеркәсібіндегі танымал нарық көшбасшылары мен инновация жеткізушілерінің практикалық ұсыныстары күтеді.

Құс шаруашылығының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі салаларының бірі ретінде жыл сайын отандық құс шаруашылығы мамандарының алдына жаңа сын-қатерлер мен міндеттер қойылуда.

Бұл семинар AgroWorld Qazaqstan көрмесінде өткізіліп, құс шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектесіп, жаңа тәсілдер мен технологияларды, әдістер мен әзірлемелерді көрсетуге бағытталған тәжірибелік іс-шара болып табылады.

Семинар сессияларында модераторлар мен спикерлер ретінде қазақстандық және нидерландтық жетекші сарапшылар сөз сөйлейді. Келушілер эксклюзивті практикалық ақпаратқа бірегей қол жеткізе алады және жеке танысуға, сарапшыларға сұрақтар қоюға, тәжірибе алмасуға және голландиялық компаниялардың істегі озық жетістіктерін қолдануды талқылауға мүмкіндік алады!

СЕМИНАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ЭКСКЛЮЗИВТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ – Нидерланд компанияларының құс шаруашылығындағы инновациялары. Бұл шешімдер Қазақстан жағдайына сәтті бейімделіп, отандық құс шаруашылығы саласының тиімді дамуына ықпал етеді. Бағдарламада пікірталас, сұрақтар мен жауаптар сессиясына, Семинар қорытындысына ерекше көңіл бөлінеді.

❗ Бағдарламада талқылау, сұрақтар мен жауаптар, семинардың қорытындысын шығару сессиясына ерекше орын беріледі.

Іс-шара модераторлары:

  • Ари Велдхаузен, Орталық Азиядағы Нидерланд Елшілігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат мәселелері жөніндегі кеңесшісі

  • Қайрат Майшев — «Қазақстан Құс өсірушілер одағы» ЗТБ өкілі, саланың кәсіби маманы, мемлекеттік наградалардың иегері 

Айта кетейік, AgroWorld Qazaqstan көрмесі жыл сайын ҚР-да құс шаруашылығын дамытуға басымдық беретін Қазақстандағы жалғыз іс-шара болып саналады және биылғы жылы стратегиялық сессияның серіктесі - Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшілігінің қазақстандық және нидерландтық кәсіпорындары арасында тәжірибе алмасуға қосқан үлесін ерекше атап өту керек.

СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!

📅 Күні: 2025 жылғы 29 қазан | ⏰ Уақыты: 13:00 – 15:00

📍 Өткізілетін орны: КҚКО «Атакент», 9-павильон, АгроФорум конференц-залы 

🌐 Синхронды аударма (орыс–ағылшын)

Көрмеге және осы Семинарға қатысу үшін, келесі сілтеме арқылы тіркеліп, билет алу қажет: https://agroworld.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=AWK25PTICA

Әріптестеріңізді шақырыңыз және www.agroworld.kz көрме сайтында тіркелу үшін AWK25PTICA промокодымен бөлісіңіз