20-шы Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

ҚАЗАҚСТАН АГРОБИЗНЕСІМЕН БІРГЕ 20 ЖЫЛ: AGROWORLD QAZAQSTAN МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТЕДІ

28–30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» АТТЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ 20-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ – AGROWORLD QAZAQSTAN 2026 ӨТЕДІ. ЖИЫРМА ЖЫЛ ІШІНДЕ ЖОБА 30 ЕЛДЕН 4 000-НАН АСТАМ КОМПАНИЯ МЕН 32 000-НАН АСТАМ МАМАНДЫ БІРІКТІРДІ.

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені соңғы жылдардағы ең белсенді инвестициялық кезеңдердің бірін бастан өткеруде. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның АӨК негізгі капиталына салынған инвестициялар 926 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 55%-ға артты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2,2 трлн теңгеге жетуі мүмкін. Сондай-ақ 2026 жылы 750 млрд теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыруға көзделген, ал ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беруді қаржыландыру көлемі 250 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Осындай жағдайда AgroWorld Qazaqstan өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Егер жиырма жыл бұрын салалық көрмелердің басты міндеттерінің бірі қазақстандық аграршыларды шетелдік технологиялармен және жабдықтармен таныстыру болса, бүгінде нарықтың сұранысы айтарлықтай кеңейді: автоматтандыру және жасанды интеллект, суды үнемдеу, тиімді тыңайтқыштар, заманауи генетика, сапалы тұқым материалы, жемшөп технологиялары, қайта өңдеу, климаттық шешімдер және қаржыландыруға қол жеткізу.

Мерейтойлық көрме өзінің халықаралық ауқымын одан әрі кеңейтеді: 2026 жылы қатысуға 20-дан астам елден 180-нен астам компания өтінім берді. Ұлттық экспозицияларды Германия, Гүржістан, Нидерланд және Оңтүстік Корея ұсынады, сондай-ақ Ресейдің өңірлік стендтері қойылады. Жетекші агробрендтер қазірдің өзінде бізбен бірге – бір алаңда өз стендтерін Amazone, Barakat Agro, Big Dutchman, Biochem, Cargill, FACCO, FAMSUN, FEEDKAZ, Giordano Poultry, IGLOSZRON, Kelp Blue Biotech, Metzer, NUTRIMAX, POULTEC, SAVORY, КЕЛЕТ, Alemvet, А-Профиль, Биовет-К, ВСО ПРОФИЛЬ, Доктор Фармер ТД, Ирригатор (METZER), НЕОФОРС ГК, ПРОФХОЛОД, ЭРИДОН Қазақстан және басқа да компаниялар ұсынады.

Құс шаруашылығы: көрме секторы төрт есе өсті

AgroWorld Qazaqstan көрмесіндегі ең елеулі өзгерістердің бірі құс шаруашылығы бағытының дамуы болды. Бұл бағыт 20 жыл бойы көрме алаңында эксклюзивті түрде ұсынылып келді, ал соңғы бес жылда экспозициядағы құс шаруашылығы секторы төрт есе өсті. Бұл өсім салада болып жатқан өзгерістермен тұспа-тұс келеді.

Бес жыл ішінде Қазақстанда құс етін өндіру көлемі 58%-ға – 2020 жылғы 235,3 мың тоннадан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 371,7 мың тоннаға дейін артты. Осы кезеңде ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесі 58%-дан 78%-ға дейін өсті. Бүгінде елімізде жалпы жылдық қуаты 505 мың тоннаны құрайтын ет бағытындағы 32 кәсіпорын және жұмыртқа бағытындағы 37 өнеркәсіптік құс фабрикасы жұмыс істейді.

Жаңа инвестициялық кезең әсіресе еліміздің оңтүстігінде – аудиториясы дәстүрлі түрде AgroWorld Qazaqstan көрмесіне келушілердің елеулі бөлігін құрайтын өңірде айқын байқалады.

Түркістан облысында құны 9 млрд теңге болатын, бройлер етін және жылына 34,9 млн жұмыртқа өндіретін жаңа құс фабрикасының құрылысы басталады. Тағы бір ірі жоба құны 52,9 млрд теңге болатын және өндірістік қуатын кезең-кезеңімен жылына 48 мың тонна құс етіне дейін жеткізетін тігінен интеграцияланған кешен құруды көздейді.

Сондықтан AgroWorld Qazaqstan мерейтойлық экспозициясында құс шаруашылығы енді тар бейінді бөлім емес, көрменің ең серпінді сегменттерінің бірі болып саналады. Мұнда құстарды ұстау және азықтандыру технологиялары, құс фабрикаларына арналған жабдықтар, ветеринариялық шешімдер, генетика және өнеркәсіптік өндіріске арналған басқа да өнімдер ұсынылады.

Тыңайтқыштар мен тұқымнан бастап AI-ға дейін

Дегенмен, бүгінде оңтүстік өңірлердегі агробизнес сұранысы әлдеқайда кең. Көрме экспозициясы өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, жемшөпті, астық пен тыңайтқыштарды, жылыжай шаруашылығы мен бағбандықты, суаруды, қайта өңдеуді, ауыл шаруашылығы техникасын, құрылысты, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен логистиканы қамтиды.

Тыңайтқыштар мен өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. 2026 жылы Қазақстан 2,3 млн тонна тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр – бұл бір жыл бұрынғыдан 500 мың тоннаға артық. Сонымен қатар елімізде жаңа өндірістік қуаттар пайда болуда: Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі химиялық жобаның келесі кезеңі іске асырылып жатыр, ал Жетісу облысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында кешенді тыңайтқыштар зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда.

Іскерлік бағдарлама – агробизнеске дәл қазір қажет мәселелер туралы

Мерейтойлық жылы ұйымдастырушылар іскерлік бағдарламаға ерекше көңіл бөледі. Бағдарлама ауыл шаруашылығының келешегі туралы жалпы әңгімелер төңірегінде емес, шаруашылықтар мен агрокомпаниялар бүгінде бетпе-бет келіп отырған мәселелер негізінде құрылады.

28 қазанда бағдарламаны «АӨК-ті цифрлық трансформациялау: агробизнесті өзгертетін технологиялар» атты пленарлық сессия ашады. Талқылау орталығында жасанды интеллектіні іс жүзінде қолдану, цифрлық шешімдердің экономикалық әсері және Қазақстанда AgTech технологияларын жаппай енгізуге әлі де кедергі келтіріп отырған тосқауылдар болады.

Одан кейін суаруды басқаруға, су қауіпсіздігіне, су бөлуді цифрландыруға және суды пайдалану тиімділігін арттырудың жаңа тетіктеріне арналған жеке стратегиялық сессия өтеді. Талқылауға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, «Қазсушардың», «Атамекен» ҰКП-ның және халықаралық қаржы институттарының өкілдерін тарту жоспарланып отыр.

Тағы бір жаңа бөлім – Women in AgroBusiness. Онда инвестициялар, экспорт, қайта өңдеу, цифрландыру және АӨК-тегі жаңа буын басшыларының рөлі талқыланады. Бағдарламада климаттық экономика мен көміртекті егіншілікке арналған ESG-сессия да көзделген. Онда фермер тек егіннен ғана емес, сонымен қатар көміртекті топырақта секвестрлеуден де табыс таба ала ма деген мәселеге дейін қарастырылады.

29 қазанда бағдарлама Жемшөп форумымен және Фермерлер мектебімен жалғасады. Жеке сессия отырғызу материалының сапасына және жылыжай мен жидек өсіру бизнесіне арналған in vitro клондық микрокөбейту технологиясына арналады. 30 қазанда Фермерлер мектебі жұмысын жалғастырады, сондай-ақ кредиттеу және лизинг мәселелері бойынша консультациялар өткізу жоспарланған.

Экспозиция мен іскерлік бағдарламадан бөлек, B2B және B2G кездесулер, экспо-турлар, келіссөздер, меморандумдарға қол қою және мерейтойлық іс-шаралар жоспарланған.

20 жыл – мүлде басқа агробизнес

AgroWorld Qazaqstan көрмесі өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде көрменің ауқымы ғана емес, ол ұйымдастырылатын нарықтың өзі де өзгерді.

Бүгінде Қазақстанның агробизнесі ірі құс шаруашылығы кешендеріне, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге, заманауи суару жүйелеріне, тыңайтқыш өндіретін жаңа кәсіпорындарға және цифрлық технологияларға инвестиция салуда. Мысалы, қытайлық Fufeng компаниясының қатысуымен жүзеге асырылатын жүгеріні терең өңдеу жобасының өзі 175 млрд теңгеге бағаланады және өнімді Қытай мен Еуропаға экспорттай отырып, аминқышқылдарын, крахмал, глюкоза, жемшөп және тыңайтқыштар өндіруді көздейді.

Сонымен қатар технологиялар тек ірі агрохолдингтерге ғана қажет емес. Олар суға тәуелділігін азайтқысы келетін фермерге; сау отырғызу материалы қажет жылыжай шаруашылығына; өндіріс көлемін ұлғайтып жатқан құс фабрикасына; өсімдіктерді қоректендірудің тиімдірек жүйесін іздейтін өсімдік шаруашылығы кәсіпорнына; қайта өңдеуді немесе экспортты жоспарлап отырған компанияға қажет.

Технологиялармен танысудан оларды іс жүзінде енгізуге дейінгі дәл осы ауысу AgroWorld Qazaqstan көрмесінің жиырма жылдық тарихын барынша дәл сипаттайтын болар.

Көрмелердің ұйымдастырушысы ретінде дәстүрлі түрде Iteca Қазақстан көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы қатысады.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан құс өсірушілер одағы, Алматы облысы бағбандары қауымдастығы, Қырғыз Республикасы АӨК-ті дамыту қауымдастығы және басқа ұйымдар қолдау көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жылдың басты оқиғасын өткізіп алмаңыз!

Мерейтойлық AgroWorld Qazaqstan көрмесі 2026 жылғы 28–30 қазанда Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да ColdChain Qazaqstan 2026 көрмесімен қатар өтеді.

Толығырақ ақпарат сайтта: www.agroworld.kz