20-шы Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

САНКТ-ПЕТЕРБУРГТІҢ ҰЖЫМДЫҚ СТЕНДІНЕ ҚАТЫСУШЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

2026 жылғы 28 қазанда AgroWorld Qazaqstan 2026 халықаралық көрмесі аясында «Петербургте жасалған. Ақылмен жасалған. АӨК-тің экспорттық әлеуеті мен технологиялық инновациялары» атты таныстырылым кездесуі өтеді.

Санкт Петербург презент в новость 2

Санкт-Петербург компанияларының таныстырылымы

Санкт-Петербургтің ұжымдық стендіне қатысушы компаниялар ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және өндірістік процестерді басқаруға арналған инновациялық әзірлемелерін таныстырады. Олардың қатарында биостимуляторлар мен тыңайтқыштардан бастап жасанды интеллект, энергия үнемдейтін технологиялар және цифрлық шешімдерге дейінгі өнімдер мен технологиялар бар.

📅 Күні: 2026 жылғы 28 қазан
🕒 Уақыты: 15:30–16:30
📍 Өтетін орны: «Атакент» ҚІЫО, 9-павильон, №2 конференц-зал

Әр компанияның әзірлемелері мен өнімдері туралы толығырақ ақпаратты көрме сайтының «Жаңалықтар» және «Қатысушылар тізімі» бөлімдерінен біле аласыз!

ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАР БАҒДАРЛАМАСЫ

1. «Бастион Груп» ЖШҚ

Тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы техникасы мен көлікке жұмсалатын шығындарды қалай азайтуға болады»

Спикер: Меньков Павел Николаевич, бас директор.

2. «Корпорация Клевер» ЖШҚ («Спецхимагро» бренді)

Тақырыбы: «Ауыл шаруашылығындағы энергия үнемдеу технологиялары»

Спикер: Сиваш Дмитрий Николаевич, атқарушы директор.

3. «Статанли» ЖШҚ (Statanly Technologies)

Тақырыбы: «Бейнекамералардан бизнесті басқаруға дейін: сапаны, қауіпсіздікті және жұмыс процестерін бақылауға арналған бейнеаналитика»

Спикер: Шаламов Вячеслав Владимирович, техникалық директор.

4. «Агрорециклинг-Групп» ЖШҚ

Тақырыбы: «РостоВИТ: химиялық препараттарсыз өнімділікті 15–36%-ға арттыру. Сыра қайнату өндірісінің қалдықтарынан табиғи биотыңайтқыш өндіруді Қазақстанда жергіліктендіру»

Спикер: Ильинская Елена Юрьевна, бас директор.

5. «Лигногумат» ЖШҚ

Тақырыбы: «Өнімділікті басқару технологиялары»

Спикер: Яковчук Алексей Русланович, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі менеджер.

6. «Сушильное Дело» ЖШҚ

Тақырыбы: «Нарық жағдайлары өзгеріп жатқан кезеңде азық-түлік өнімдерінің қасиеттерін сақтауға және оларды тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерін кептірудің инновациялық әрі энергия үнемдейтін әдістері»

Спикер: Банчук Сергей Львович, бас директор.

7. «Вердэ» ЖШҚ

Тақырыбы: «Болашақ өнімдеріне арналған дәм мен технологиялар»

Спикер: Зайцев Кирилл Михайлович, атқарушы директор.

Агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын, өндірушілерді, қайта өңдеу кәсіпорындары мен агробизнес өкілдерін Санкт-Петербург компанияларының технологияларымен танысуға, оларды қолдану мүмкіндіктерін талқылауға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға шақырамыз.

Таныстырылымға AgroWorld Qazaqstan 2026 көрмесінің келушілері қатыса алады.

  • -де жасалған