19-шы Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

AGROWORLD QAZAQSTAN ЖӘНЕ COLDCHAIN QAZAQSTAN 2024 АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СУЫҚ ЛОГИСТИКА КӨШБАСШЫЛАРЫН БІР АЛАҢҒА БІРІКТІРДІ

2024 жылдың 30 қазанынан 1 қарашасына дейін Алматыда 19-шы Орта Азиялық халықаралық «Ауыл шаруашылығы» AgroWorld Qazaqstan және 9-шы Орта Азиялық халықаралық «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға қызмет көрсету» ColdChain Qazaqstan көрмелері өтті. Бұл көрмелер бір алаңда агроөнеркәсіп кешеннің жетекші ойыншыларын және өнім сақтау саласындағы мамандарды біріктірді.

Бұл маңызды іс-шара ауыл шаруашылығы мен салқын логистикадағы ең жаңа технологияларды таныстыру үшін тиімді алаңға айналды. Үш күндік көрме барысында 2 526 бірегей сала маманы көрмеге келіп, инновациялық шешімдермен танысып, маңызды іскерлік келісімдер жасасты. Келушілер осы іс-шараның ең жаңа ақпарат көзі әрі серіктестіктерді нығайту мүмкіндігі ретінде маңыздылығын атап өтті. «Қазіргі жағдайда жабдықтар мен ветеринариядағы соңғы жаңалықтарды білу өте маңызды, және бұл көрме бізге қазіргі шешімдер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Биыл біз ағымдағы серіктестерімізбен кездесіп, 2025 жылға арналған жоспарларымызды айқындадық, сондай-ақ жаңа компаниялармен танысып, алдағы уақытта ынтымақтастық орнатуды қарастырудамыз», - деп Асет Абдреисов, «Алатау Қус» АҚ аға ветеринарлық дәрігері өз әсерімен бөлісті.

agro1st 19

Биыл AgroWorld Qazaqstan көрмесі 25 елден 190-нан астам компанияны тартты, олардың ішінде Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Дания, Израиль, Үндістан, Иордания, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия және Жапония бар. Салалық ведомстволардың қолдауымен Германия, Малайзия, Нидерландтар мен Оңтүстік Кореяның ұлттық және ұжымдық экспозициялары ұйымдастырылып, қатысушылар өз елдерінің жетістіктерін таныстыра алды. Оған қоса, аграрлық технологиялар көрмесінде Ресейдің Татарстан Республикасы мен Ставрополь аймағынан келген өңірлік стендтер де ұсынылды. Көрмеде АлемВет (Қазақстан), AGRO-FOOD-GASTRO (Өзбекстан), DONGXIAO (Қытай), Royal Pas Reform (Нидерланды), CARGILL (АҚШ) және басқа да жетекші компаниялар өз өнімдерін таныстырды. 30-дан астам Қазақстандық және 150-ден астам шетелдік компания агроөнеркәсіптік кешен үшін инновациялық шешімдер ұсынды: құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ветеринария салаларына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ суару жүйелері, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары және бақша шаруашылығы техникасы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ғимараттарын салу, агроөнімді сақтау, қайта өңдеу және логистика саласындағы техникалар мен шешімдерге ерекше назар аударылды, бұл саланың кешенді дамуын көрсетеді.

Алғаш рет көрмеге қатысқан экспоненттер саны 35%-ды құрады, бұл халықаралық қауымдастық тарапынан аталған іс-шараға деген жоғары қызығушылық пен сенімділікті көрсетеді. Дебютанттар қатарында Eurasia Group Kazakhstan (Қазақстан), Kohshin Engineering (Жапония), MCFP (Иордания), Гелан (Ресей), Irritec (Италия) және басқа да компаниялар болды. Көрмеге алғаш рет қатысқан компаниялар оның тиімділігін – табысты келіссөздер жүргізу және келісім-шарттар жасау үшін бірегей алаң ретінде анықтады: «Біз осы көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз. Біз көрмеге қатысып, қалағанымызды алдық. Екі келісімшарт жасастық, болашақта тағы 10-ға жуық әлеуетті клиентпен жұмыс істеу жоспарда. Келесі жылы міндетті түрде сіздердің көрмелеріңізге қатысуды жоспарлап отырмыз.» – деп өз әсерімен Галина Скорик, «ТД ПТИЦА» компаниясының бас директоры бөлісті.

Ерекше назар ет және құс шаруашылығына аударылды, мұнда 10 елден, соның ішінде Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей және Түркиядан 30-дан астам компания өздерінің саладағы озық жетістіктерін ұсынды. Жетекші өндірушілер, оның ішінде VDH Products (Нидерланды), Zucami (Франция), Neoforce (Ресей), PEJA (Нидерланды) және Facco (Италия) құс шаруашылығы фермаларын тиімді басқаруға арналған инновациялық технологияларды көрсетті.

Көрмелер қарқынды іскерлік бағдарламамен сүйемелденді, ол сала дамуына инновациялық тәсілдерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған негізгі алаңға айналды. Үш күн ішінде агротехнологиялар мен ауыл шаруашылығын цифрландырудан бастап, табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға дейінгі кең ауқымды мәселелерге арналған 32-ден астам арнайы сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. «Қазақстанның АӨК саласы үшін инновациялық және цифрлық шешімдер» атты Пленарлық сессиясы іскерлік бағдарламаны ашып, аграрлық секторды цифрландыру мәселелеріне назар аударды. Сессияға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов, Нидерландының Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, тамақ қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Сара Виссерс-Равичандран, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жұматай Уразбаев, RinconAgrotech (Болгария) атқарушы директоры Константин Корнеев және «ДТрейд» ЖШС директоры Кирилл Комаров қатысты.

Іскерлік бағдарлама аясында «Нидерландының құс шаруашылығындағы технологиялары» атты мамандандырылған семинар-практикумға ерекше назар аударылды. Бұл шара Нидерландының Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан құс шаруашылықтары одағының ұйымдастыруымен өтті. Семинарға қатысушылар құс шаруашылығы фермаларын басқарудың инновациялық тәсілдерімен танысты, оның ішінде жаңа буын инкубаторларын қолдану, өнімді қауіпсіз өңдеу жүйесі және ағынды суларды басқару технологиялары қарастырылды. Бұл технологиялар Қазақстанда сәтті қолданылады және жергілікті құс шаруашылығының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Іскерлік бағдарлама аясындағы маңызды шаралардың бірі — AgriFORUM болды, онда органикалық ауыл шаруашылығы, тиімді егіншілік әдістері және құс шаруашылығындағы озық технологиялар сияқты тақырыптар бойынша тақырыптық сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. AgriFORUM-ның негізгі тақырыбы «Болашақтың ауыл шаруашылығы» болды — экотехнологияларды пайдалану және табиғи ресурстарды тұрақты басқару. Қатысушылар жерді тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, өңдеу және сақтау саласында инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығын талқылады. Қазақстан, Еуропа және басқа елдердің спикерлері өнімді әрі тұрақты аграрлық сектор құруға бағытталған зерттеулер мен практикалық мәліметтерді ұсынды.

Форум аясында «Органикалық егіншілік және сертификаттау: халықаралық нарықтарға сенімді кіру» атты тренинг өтті, онда аграршыларға органикалық егіншіліктің негізгі артықшылықтары, сертификаттау процедуралары, сондай-ақ алқап айналымы мен тұрақты егіншілік әдістерінің маңызы таныстырылды. Сондай-ақ «Топырақ саулығы және бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіру технологиялары» атты семинар өтті, онда спикерлер топырақтың деградациясы мен оның құнарлылығын сақтау әдістерін талқылады. Бұл мәселелер Қазақстан үшін ерекше маңызды, себебі тұрақты ауыл шаруашылығы әдістерін енгізу елдің басымдықтарының бірі болып саналады. Іскерлік бағдарлама аясында «Болашақтың көкөністері мен жемістері: фермадан дастарханға дейін» атты сессиясы да ұйымдастырылды, онда аграршыларға жетекші фермерлер мен агрокомпаниялардың озық шешімдері ұсынылды. Семинар барысында жеміс-көкөніс өсіру, тұқым шаруашылығы, жылыжайлар технологиялары, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді сақтау және өңдеу әдістері туралы маңызды мәселелер талқыланды.

AgroWorld Qazaqstan көрмесімен бірге Орталық Азиядағы жалғыз ColdChain Qazaqstan көрмесі өтті. Ол 5 елден, атап айтқанда Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан және Ресейден қатысушыларды жинады. Қатысушылар төмен температура жағдайында өнімдерді сақтау және тасымалдау үшін инновациялық технологияларын ұсынды, бұл агроөнеркәсіптік жеткізу тізбегіндегі жоғалтуларды азайту үшін ерекше маңызды. Бұл шешімдер өнімдерді сақтау үшін арнайы жағдайларды қажет ететін тауарларды, мысалы, ет, балық, сүт өнімдері және көкөністерді жеткізуде тиімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

AgroWorld Qazaqstan және ColdChain Qazaqstan 2024 көрмелері өздерінің агроөнеркәсіптік кешен мен сақтау технологиялары саласындағы аймақтағы ең ірі көрмелік алаңдар ретіндегі мәртебесін растады. Бұл шаралар тек ауыл шаруашылығы мен суық логистика саласындағы инновацияларға деген жоғары қызығушылықты ғана емес, сонымен қатар халықаралық серіктестікке жаңа мүмкіндіктер ашып, бизнес, ғылым және мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасында білім алмасуды және байланыстарды нығайтуды ынталандырды. Көрмеге қатысушылар мұндай іс-шаралардың ауыл шаруашылығын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті: «Менің ойымша, мұндай көрмелер сала дамуына оң әсер етеді, өйткені жабдықпен жұмыс істейтін немесе жабдық жеткізумен айналысатын кез келген адам жаңа серіктестер таба алады және осы жабдықты ауыл шаруашылығына енгізе алады. Ал ауыл шаруашылығын жаңа жабдықпен жүргізу өнімділікті арттырады» — деді Дмитрий Григорьев, Guentner Kazakhstan компаниясының техникалық қолдау менеджері.

Көрмелерді Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.

Көрмеге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан жылыжайлар одағы, Қазақстан құс өсірушілер одағы, Алматы облысының бағбандар қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.