АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨҢДЕУГЕ 9,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛАДЫ
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Qazaq Global Food JV» ЖШС сақтау және буып-түю инфрақұрылымы бар жеміс-көкөніс өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба бойынша несие желісін ашу туралы келісімге қол қойды. Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметі.
Зауыт жеміс-жидек шырыны концентраттарын, сондай-ақ көкөніс-жеміс пюрелерін шығарады. Жылына 70 мың тоннаға дейін жемістер мен көкөністерді өңдеу жоспарланған. Дайын өнімнің көлемі жыл сайын 6150 тоннаға дейін қойылтылған шырынды және 6700 тонна көкөніс-жеміс езбелерін құрайды.
«Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған. Барлық өнімдер қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сай келеді және сыртқы және ішкі нарықтарға бағдарланған болады», - деп ҚДБ-да атап өтті.
Зауытты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында салу жоспарланып отыр. Учаскенi таңдау бiрқатар факторларға байланысты: шикiзаттың негiзгi жеткiзушiлерiне және алманы сақтау жөнiндегi қызметтердi тұтынушыларға қатысты ыңғайлы орналасуы, сондай-ақ көлiктiк қол жетiмдiлiктiң болуы, бұл шикiзатты жеткiзудi жеңiлдетедi және оны делдалдармен немесе фермерлермен тасымалдау құнын төмендетедi.
Жобаның стратегиялық серіктесі - Түркияның жемістерді, органикалық шырындарды, концентраттарды және пюрелерді өңдейтін және өсіретін ірі компаниясы Гокнур Гида. Компания технологиялық жабдықтардың негізгі жеткізушісі болып табылады және оффшорлық келісім-шарт бойынша дайын өнімді 100% сатып алуды қамтамасыз етеді.
Дереккөз: ElDala
- -де жасалған