ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫБРИТАНИЯҒА БИДАЙ ЖЕТКІЗЕДІ

Биыл Қазақстан астық жеткізу географиясын айтарлықтай кеңейтті. Атап айтқанда, алғаш рет Ұлыбританияға, Бельгияға, Польшаға, Португалияға, Норвегияға және басқа да елдерге жеткізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тек ұлттық астық операторы «Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы»  ҰК АҚ желісі бойынша Солтүстік Африкаға (Марокко) және Вьетнамға тиісінше шамамен 60 мың тонна және 15 мың тонна бидай экспортқа жөнелтілді», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

001 зерн

Сонымен қатар, қазақстандық астық жөнелтушілер соңғы бес жылда үзілген Әзірбайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдерді қайта жандандырды. Италияға қатты бидайдың экспорты айтарлықтай өсті.

ҚТЖ мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан  астық эквивалентінде 12,4 млн тонна астық пен ұн экспорттады, бұл 2023/2024 жылдардың сәйкес кезеңімен (9,3 млн тонна) салыстырғанда 34%-ға жоғары.

Астық пен ұн жеткізу Өзбекстанға 28,2%-ға (3 млн 384 мың тоннадан 4 млн 338 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға – 39,2%-ға (1 млн 39 мың тоннадан 1 млн 446 мың тоннаға дейін), Қырғызстанда – 2,5 есе (156 мың тоннадан 398 мың тоннаға дейін), Иранда – 17,3 есе (56 мың тоннадан 974 мың тоннаға дейін), Әзірбайжанда – 120 есе (6 мың тоннадан 723 мың тоннаға дейін) айтарлықтай ұлғайды.

  • -де жасалған