ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗАНАҚ ӨНДІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНЕ 120 МЛН ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛАДЫ

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Sine Midas Stroy компаниясының басқарма төрағасы Ахмет Буданмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды World of NAN.

Тараптар Шымкент қаласында заманауи өнеркәсіптік жылыжай құрылысының инвестициялық жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

Ахмет Будан Sine Midas Stroy польшалық Fabe Agro компаниясымен бірге $120 млн сомасына агроөнеркәсіп жобасын іске қосу мүмкіндігі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Жылыжай кешенінің жоспарланған өндірістік қуаты жылына 36 мың тонна қызанақ болады.

1ee37fc9d

«Қазақстан аграрлық секторға жоғары технологиялық инвестициялар тартуға мүдделі. Біз өз тарапымыздан Қазақстанда экспортқа бағдарланған жылыжай өнеркәсібін қалыптастыруға бағытталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Қазiргi уақытта жобаның шарттарын, инвестициялар көлемiн және тараптардың мiндеттемелерiн анықтайтын Инвестициялық келiсiм жасасу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келісімге қол қоюды жеделдетуге және жақын арада жобаны іс жүзінде іске асыруға кірісуге дайын екендіктерін растады.

Дереккөз: World of Nan

  • -де жасалған