АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ADIFEED ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОРГАНИКАЛЫҚ ФИТОБИОТИКТЕРІ

AgroWorld Qazaqstan 2026 көрмесінің қатысушысы – Animal Health Solution компаниясы – ветеринария саласының сарапшысы, органикалық препараттар (фитобиотиктер), жемдік қоспалар және витаминді-минералды кешендердің жетекші өндірушілерінің сенімді серіктесі әрі Орталық Азия елдерінің нарығындағы жеткізушісі.

Logo PANTONE

Animal Health Solution – 2022 жылы құрылған компания, Қазақстанда ауыл шаруашылық жануарларына арналған органикалық препараттар өндірушісі AdiFeed зауытының ресми дистрибьюторы.

Миссия

Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің техникалық құзыреттілігін арттыру арқылы сапалы әрі дені сау өнім өндіруге ықпал ету.

Міндеттер

  • Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер арасында органикалық ветеринариялық препараттарды қолдану мәдениетін қалыптастыру
  • Жануарлардың денсаулығын сақтау және инновациялық өнімдерді енгізу арқылы өнімділігін арттыру
  • Ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі саласында халықаралық кәсіби ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту
  • Орталық Азия елдеріндегі ветеринария саласы мамандарының кәсіби деңгейін арттыру

НЕГІЗГІ ӨНІМДЕР

AdiCox® AP

AdiCocs 1

Жоғары концентрациялы фитобиотик, микрогранулаланған ұнтақ түрінде, фитонцидтерге бай өсімдік ингредиенттерінің бірегей қоспасы.

Құрамы: микронизирленген өсімдіктер (шамамен 95% өнім). Жылуға төзімді, түйіршіктеу кезінде белсенділігін жоғалтпайды, фитонцидтерді ішектің әртүрлі бөліктерінде біртіндеп бөледі.

Қасиеттері:

  • Диарея кезінде эпителий жасушаларының мембраналарын тұрақтандырады
  • Табиғи иммунитетті ынталандырады
  • Тәбетті арттырады, тұз қышқылы мен ас қорыту ферменттерінің бөлінуін күшейтеді
  • Ақуыздың сіңімділігін және жемнің конверсиясын жақсартады
  • Өлім-жітімді азайтады
  • Жануарлардың өнімділігін арттырады

Өсімдік компоненттері: ащы қызыл бұрыш, сужапырақ (аир), ақ қыша, сабынкөк, куркума.

АдиКоксСол PF (сұйық өнім, ішкізілетін)

AdiCocs RF

Сипаттамалары:

  • Суда жақсы еритін наноэмульсия
  • Фитонцидтердің бақыланатын босатылуы үшін микрокапсулаланған белсенді ингредиенттер
  • Асқорыту жолын қолдауға арналған өсімдік мацераттары, эфир майлары, глицерин, лецитин және минералдар қоспасы
  • Ұсақ бөлшектер ЖҚТ алғашқы бөліктерінде сіңеді, ірі бөлшектер ішектің соңына дейін жетеді

Әсері:

  • Эпителий мен дәнекер тіннің регенерациясын жақсартады
  • Патогендерге қарсы барьер болатын ретикуоэндотелий қабатының өсуін ынталандырады
  • Детоксикация және биологиялық өтем процесстерін қолдайды
  • Организмнің ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіреді
  • Патогенді қарапайымдылардың, бактериялар мен саңырауқұлақтардың дамуын тежейді
  • Ас қорыту жүйесін оңтайландырады

Ингредиенттер: ақ қыша (гликозидтер), қара бұрыш (пиперин), аир (терпендер), сабынкөк (сапониндер).

АдиСальмоСол PF (сұйық өнім, ішкізілетін)

AdiSalmo RF

Қасиеттері:

  • Өсімдік экстракттарының бірегей қоспасы: фитонцидтер, фитоалексиндер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, минералды тұздар
  • 500-ден астам белсенді зат (фенолдар, терпеноидтар, алкалоидтар, флавоноидтар, сапониндер, дубильді заттар)
  • Валериан қышқылы және салицилаттар фитонцидтердің жасушаға енуін жеңілдетеді
  • Ұсақ дисперсті эмульсия, суда жақсы ериді

Әсері:

  • Антибактериалды
  • ЖҚТ-дан жақсы сіңеді
  • Антипротозойлы
  • Тыныс алу, ас қорыту және репродуктивті жүйелерді қолдайды
  • Иммуномодуляциялық

Ингредиенттер: бақша жебіршөбі (фенолдар), орегано (тимол, карвакрол), жаңғақ (юглон).

📍 Animal Health Solution компаниясының мамандары Сіздерді көрме күндері Алматы қаласы, «Атакент» Көрме орталығы, 10-павильон, стенд 10-277-де күтеді!

  • -де жасалған