Rinchen Agro Kazakhstan – зиянкестер мен арамшөптерге қарсы заманауи пестицидтер
2007 жылы құрылған сәттен бастап Nanjing Rinchen International Trading Co., Ltd компаниясы 15 жылдан астам уақыт бойы әлемдік нарықта табысты жұмыс істеп келеді. «Сапа – бәрінен жоғары» деген негізгі бизнес құндылықтарына сүйене отырып, көпжылдық тәжірибесі арқылы компания ISO9001 сапа менеджменті жүйесінде аккредитациядан өтті. Он жылдан астам уақыт бойы компания бүкіл әлем клиенттеріне жоғары сапалы өнімдерді тұрақты түрде жеткізіп келеді. Өнімдері, қолжетімді бағалары және мұқият қызмет көрсетуі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды және расталды.
Қазіргі таңда компанияның төрт негізгі бағыты бар: пестицидтер, тыңайтқыштар, құю жабдықтары, қаптама материалдары және мыңнан астам өнім түрлері. Олар Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада), Батыс Еуропада (Франция, Германия, Италия және т.б.), Шығыс Еуропада (Ресей, Чехия, Болгария және т.б.), Орта Азияда (Қазақстан және т.б.), Таяу Шығыста (Сауд Арабиясы, Ирак және т.б.), Оңтүстік-Шығыс Азияда (Вьетнам, Малайзия және т.б.), Жапония мен Оңтүстік Кореяда кеңінен сатылады. Компанияның жылдық кірісі 20 миллион АҚШ долларынан асады. RC бренді Таяу Шығыстағы кейбір халықаралық агрохимиялық өнімдердің ТОП-10 қатарына кіреді.
ТОО «Rinchen Agro Kazakhstan» Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарының арамшөптері мен зиянкестеріне қарсы күрес үшін әлемдегі ең озық пестицидтерді ұсынуды мақсат етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 9 пестицидке Тіркеу куәліктері алынды:
- АРМАН СУПЕР э.м.в. (феноксапроп-п-этил 69 г/л + мефенпир-диэтил, антидот 75 г/л)
- АРДГЛИФ в.р. (глифосат 560 г/л)
- НАНКИНА в.р. (2,4 Д диметиламин тұзы)
- АМИРА к.э. (хизалофоп-п-этил 15%)
- АРУТИДИУРОН с.к. (Thidiazuron 360 г/л + Diuron 180 г/л)
- АЙТРИБУМ в.д.г. (Tribenuron-methyl 75%)
- АРУДИФ с.к. (Diflubenzuron 480 г/л)
- БИОБАТУРИН c.п. (Bacillus thuringiensis 32000 IU)
- ДИФЕРОН, с.к. (диафентиурон 500 г/л)
Тіркеуде тұрған пестицидтер:
- АГРОЭФИР, э.к. (2,4 Д қышқылы 2-этилгексил эфирі, 980 г/л)
- АНТРАМИД с.к. (хлорантранилипрол 200 г/л)
- КЛЕТОЗАР э.к. (клетодим 240 г/л)
- ЛУЧНИК с.к. (тиометоксам 141 г/л + лямбда-цигалотрин 106 г/л)
Біз сіздерді қарсы аламыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа сенеміз!
Көрмеде ұсынылатын алдыңғы қатарлы өнімдердің кейбірі:
1. Гербицид: Арман Супер э.м.в.
(феноксапроп – П – этил, 69 г/л + мефенпир – диэтил (антидот), 75 г/л)
- Дақылдар: Жаздық бидай; Күздік бидай; Жаздық арпа
- Жаздық және күздік бидайды, жаздық арпаны біржылдық астық тұқымдас арамшөптерден қорғауға арналған селективті, жүйелік, өскіннен кейін қолданылатын гербицид. Қылтанақ пен тары түрлеріне қарсы өте тиімді.
2. Жалпы әсерлі гербицид: АрдГлиф в.р.
(глифосат 560 г/л)
- Дақылдар: әртүрлі ауылшаруашылық дақылдары егілетін алқаптар, егістікке дайын жерлер, жұрттар, ауылшаруашылығына арналмаған жерлер
- Қиын жойылатын арамшөптерге, соның ішінде горчакқа қарсы жоғары тиімділігі бар жүйелік, селективті емес, өскіннен кейін қолданылатын гербицид.
3. Инсектицид, акарицид: Диферон с.к.
(диафентиурон 500 г/л)
- Дақылдар: Мақта, қорғалған топырақ дақылдары (жылыжайдағы көкөністер, сәндік өсімдіктер), әртүрлі егістік және жеміс-жидек дақылдары.
- Жүйелі, контактылы және асқорыту арқылы әсер ететін, сондай-ақ трансламинарлы, фумигантты және овицидті белсенділігі бар инсектоакарицид.
«Rinchen Agro Kazakhstan» компаниясының сарапшылары 29-31 қазан аралығында Алматыда, МВЦ «Атакент», 9-павильон, N9-37 стендінде сала мамандарын күтеді.
- -де жасалған