19-шы Орта Азиялық Халықаралық «Ауыл шаруашылығы» көрмесі

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚАЛЫПТЫЛЫҒЫ: AGROWORLD QAZAQSTAN 2021 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕГІ ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР!

2021 ЖЫЛҒЫ 3-5 ҚАРАШАДА «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» - AGROWORLD QAZAQSTAN ОРТАЛЫҚ-АЗИЯЛЫҚ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  КӨРМЕСІ ӨЗІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТЕДІ. КӨРМЕ ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, «АТАКЕНТ»   КІЫО  ӨТЕДІ.

Даму дұрыс шешім қабылдау жылдамдығына және тез бейімделуге байланысты жаңа уақыт жағдайында елдің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласының алдында жаңа міндеттер тұрғаны анық. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені, бәлкім, дағдарыс кезінде өз позициясын сақтап, тіпті бірқатар көрсеткіштер бойынша оларды жақсарта алған  аз кешендердің бірі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылғы 7 айда 2,4%-ға ұлғайған.

Өзінің 15 жылдық табысты жұмысы ішінде AgroWorld Qazaqstan көрмесі өзін басты мақсат: ел халқын сапалы және қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және АӨК саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ елдің АӨК-ін жоспарлы дамытуға қол жеткізуде мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, одақтар, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен бизнес өкілдерінің мүдделерін біріктіретін Орталық Азияның кешенді диалог алаңы ретінде таныта алды.

Бүгінгі таңда көрмеге 12 елдің компаниялары: Австрия, Беларусь, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Корея, Нидерланды, Польша, Ресей және бірқатар отандық кәсіпорындар қатысатынын растады. Белсенді халықаралық қатысу Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын  саланың тиімді жұмыс істеуі және фермерлік шаруашылықтардың кірістілігін ұлғайту үшін бүкіл әлемнен инновациялық жабдықтары мен технологиялардың кең ұсынысымен қамтамасыз етеді.

Осындай ауқымды географиясы бар ауыл шаруашылығы саласындағы іскер топтардың бір алаңдағы кездесуі әлемдегі АӨК саласындағы трендтер мен ең жаңа үрдістерді анықтауға ықпал етеді және таяу жылдарға дамудың бағыттарын айқындайды.

AgroWorld Qazaqstan экспоненттерінің стендтерінде: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жемшөп және жемшөп компоненттері, бау-бақша жабдықтары, отырғызу материалдары, тұқымдар, тыңайтқыштар, заманауи суару жүйелері, көкөністер мен жемістерді өңдеуге арналған жабдықтар, ауыл шаруашылығына арналған ғимараттарды салу және жобалау, ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыш шешімдері, жылыжайларға арналған заманауи шешімдер ұсынылады.

Коронавирустық пандемиядан туындаған жаңа жағдайлар бизнестің назары  ауылшаруашылық өндірісін автоматтандыру мен роботтандыруға, машиналар мен техникалық қызметтерді цифрландыруға, заманауи телекоммуникациялық технологияларғ а ауысатындығын  білдіреді. Осыған байланысты, AgroWorld Qazaqstan іскерлік бағдарламасы аясында сала сарапшылары еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылауға ниетті. Дөңгелек үстелдердің, семинарлардың және B2B кездесулердің жұмысында тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен қайта өңдеудің, тамақ өнімдері мен сусындарды өндірудің, буып-түюдің және сақтаудың толық тізбегінің мүдделерін білдіретін болады.

Халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының, ЕАЭО мүше мемлекеттердің ғылыми ұйымдарының, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері, жабдықтар мен технологияларды жеткізушілер, фермерлік шаруашылықтар, Қазақстанның тамақ өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер көрменің арнайы іс-шараларына қатысушылары болып табылады.

Жыл сайын AgroWorld Qazaqstan Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, салалық одақтар мен қауымдастықтардың қолдауымен өтеді.

Көрмені ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдардың, ДДҰ және Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) ұсынымдарын басшылыққа алады және көрмені өткізу кезеңінде COVID 19 таралуына жол бермеу үшін санитарлық-гигиеналық сипаттағы барлық іс-шараларды, санитарлық өңдеу мен дезинфекцияны қамтамасыз етеді. Көрменің ұйымдастырушысы қазақстандық ITECA көрме компаниясы болып табылады.